АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
Орналасқан жері: – «Орыс-Азия сыртқы сауда банкінің» тарихи ғимаратында (ХХ ғ. басы) Павлодар қаласы, Астана көшесі, 151 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Орталық Миссиясы:
- Ежелгі және ортағасырлық көшпенділердің археологиялық ескерткіштерін зерттеу және сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін археологиялық-этнографиялық зерттеулер бойынша зерттеу және оқу-практикалық жұмыстар жүргізу;
- Студенттерді оқыту деңгейін арттыру, оларға археологиялық және этнографиялық зерттеулердің қажетті практикалық дағдыларына баулу, өңір халқы арасында археология, этнография, өлкетану және мұражайтану бойынша білімді насихаттау, студенттер мен оқушыларды тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және зерделеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
- Археологиялық сараптама жүргізу, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Орталық директоры: Смагулов Тимур Нурланович - археолог Павлодар педагогикалық университетінің . Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі - 20 жыл. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында мол тәжірибесі бар, археологиялық экспедицияның, ғылыми және шаруашылық келісімшарт жобаларының жетекшісі. Ғылыми қызығушылықтары: археология, Қазақстан тарихы, антропология, нумизматика, этнография, өлкетану, тарихи тұлғалар, Рухани жаңғыру.