Алға қозғалыс
1981 жыл. ППИ Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазсовпрофтың және Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.
1982 жыл. ППИ Кеңес Одағының педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы болып танылды және КСРО Ағарту министрлігі мен жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағының Орталық комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.
1986 жыл. Материалдық-техникалық база нығайтылды: 4 ғимарат, 22 зертхана, 8 лингафон кабинеті, 22 аудитория, 22 оқу кабинеті. 239 оқытушы , оның ішінде 1 ғылым докторы, 81 ғылым кандидаты болды.