«Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ стартап және бизнес жобалар бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды
Павлодар педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамы, студенттері, магистранттары, докторанттары байқау қатысушылары бола алады.
Конкурсқа қатысу үшін Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және коммерцияландыру туралы ережеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Құжаттар зерттеуді қолдау жөніндегі департаментіне қағаз және электронды түрде ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау уақыты – 2022 жылдың 16 мамыры. Қабылдауды тоқтату мерзімі – 2022 жылдың 17 маусымы.
Өтініште жобаны іске асыру мерзімі - 18 ай (күнтізбелік жоспардағы жұмыстың басталуы 2022 жылдың шілдесі) туралы ақпарат болуы керек. Жобаны жүзеге асыруға қажетті сұралатын қаржыландыру сомасы 2022 жылға 900 мың теңгеден артық емес, 2023 жылға 1 млн. 800 мың теңгеден артық емес.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 14.00-ден бастап 15.00-ге дейін зерттеулерді қолдау жөніндегі департаментіне (1 ғимарат 322 кабинет) жүгінуге болады.