«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы комплаенс офицерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс мекенжайында орналасқан «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы комплаенс офицерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды.
Комплаенс қызмет жұмысының мақсаты жоғары оқу орны қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік білім (заңтану, қаржы, экономика, менеджмент); тиісті саладағы уәкілетті органдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) алынбаған немесе жойылмаған соттылығы бар;
4) арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда тұлға қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) конкурс қатысушысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурс қатысушысының қызметтік тізімі;
4) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылуымен, білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан (қазіргі не соңғы) кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;
6) құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, тиісті нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);
7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін берілгеніне бір жыл толмаған психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін берілгеніне бір жыл толмаған наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін берілгеніне бір жыл толмаған туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама;
10) тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен бастап 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, 310-кабинет, сағат 9ºº бастап 18ºº дейін, анықтама телефоны 8 (7182) 65-16-22, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен). «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсыну қажет.