Перейти к содержимому страницы.

Колледж директоры – 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары кәсіптік білім.

кемінде 5 жыл білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы басшылық лауазымдардағы немесе білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі.

 

Сіз: Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестесін бекітесіз;

Әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіресіз;

Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етесіз;

Білім алушылардың контингентін қалыптастырасыз, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етесіз.

 

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

Ынтымақтастық және әрекеттестік;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-      өтініш;

-      кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-      өмірбаян;

-      жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-      қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- ППУ-да жұмыс істемейтін, тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

        ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

 

2022 ж. 12 мамырынан бастап 2022 жылдың 26 мамырына дейін сағат 10.00 бастап 17.00-ге дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 17ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)