Перейти к содержимому страницы.

Әкімшілік департаменті ректорының қабылдау бөлмесінің хатшысы - 1 бірлік.

Біліктілік талаптары: Жоғары білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар қойылмайды.

Сіз:  Басқарма төрағасы-ректордың қарауына түскен хат-хабарларды қабылдайсыз;

Басқарма төрағасы-ректордың қол қоюы үшін құжаттарды және жеке өтініштерді қабылдайсыз;

Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің уақтылы қарауы мен ұсынылуын және Басқарма Төрағасы ректорға қол қоюға ұсынылған құжаттарды нақты орындауын қадағалайсыз, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етесіз;

Ректордың телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастырасыз, ол болмаған кезде алынған мәліметтерді жазып, оның мазмұнын ректордың назарына жеткізесіз, қабылдау-сөйлесу құралдары (телефакс, т.б.) арқылы ақпарат жіберіп, қабылдап аласыз, байланыс каналдары арқылы алған ақпаратты жедел түрде оның назарына жеткізесіз;

Басқарма төрағасы-ректордың тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайсыз.

 

     Қосымша ақпараттар

Кәсіби құзыреті:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылары;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс істей білу.

Жеке басының құзыреті және сапа:

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

сабырлылық.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген, жазбаша және ауызша меңгеру дағдылары бар.

Қажетті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ПК (OS, Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т. б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгеру жоғары деңгейлі дағдысы бар.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

                                                  

- өтініш;

- кадларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- өмірбаян;

- қосымшасымен білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- біліктілігі арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін көшірмелері;

- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа жіберу);

- конкурсқа қатысушы наркологиялық ұйым есебінде емес деген туралы анықтама;

- конкурсқа қатысушы психикалық-неврологиялық ұйым есебінде емес деген туралы  анықтама;

- конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы ұйым есебінде емес деген туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- ППУ жұмыс істемейтін тұлғалар үшін, еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

 

ППУ жұмыс істейтін адамдар жоо ректорының атына конкурсқа қатысуға рұқсат туралы өтініш береді және өтініш (еркін түрде) жазылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы есепте тұрмауы туралы туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

Құжаттар 2021 жылғы  11 мамыр мен 2021 жылғы  24 мамыр аралығында сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, персоналмен жұмыс бөлімі, 125 кабинет, сағат 9.00-18.00-ге дейін, анықтама телефоны:  8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («конкурсқа» белгісімен)