ITEC Day
2021 жылғы қараша айында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, PhD Айгүл Маратқызы Садықова Үндістан Елшілігі тарапынан өткізілген ITEC Day іс-шарасына Үндістан үкіметімен қаржыландырылатын ITEC бағдарламасының түлегі ретінде қатысты.
ITEC – Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы 1964 жылдан бастап іске қосылды. Бағдарлама аясында Үндістан үкіметі көптеген салалардағы жобалармен байланысты іс-шараларды, жаңа техникалық әзірлемелерді ұсынады. Қазақстан 1992 жылдан бері Үндістанның ITEC бағдарламасы бойынша серіктесі. Содан бері 1300-ге жуық қазақстандық түрлі пәндік салалар бойынша бағдарламаның стипендиаттары атанды.
ITEC Day барысында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Трипати Шубдаршини бағдарлама түлектеріне құттықтау сөзін арнады. Іс-шара барысында бағдарлама түлектері өз тәжірибелерімен және естеліктерімен, жаңа идеяларымен бөлісуге, өзарақатынас перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.