Перейти к содержимому страницы.

Германиядан келген лектор

Ағымдағы жылдың мамыр айында академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шет тілдері кафедрасына Германиядан Ульрих Брах есімді оқытушы келді. Екі аптаның ішінде біздің университет студенттері мен оқытушылары әртүрлі тақырыптар бойынша ағылшын тілінде профессордың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды. Тақырыптар заманауи ағылшын жүйесінен бастап жаһандану мен мәдени ықпалдастық проблемаларына арналды. Профессордың дәрістері студенттер арасында кеңінен танымал болды және курстың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Профессордың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы іссапарының негізгі мақсаты - дәрістер оқу, сонымен қатар біздің университеттің және кафедраның Германиядағы серіктестерімен және әріптестерімен халықаралық байланыстарды нығайту болды. Іссапар барысында Ульрих Павлодар қаласының көрікті жерлерімен танысты. Сапар соңында профессор болашақта біздің университетке тағы да келуге ниет білдірді.