Перейти к содержимому страницы.

Финляндияның білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өту бойынша үміткерлерді іріктеу аяқталды

Құрметті әріптестер!

Финляндияның білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өту бойынша үміткерлерді іріктеу аяқталды. Сарапшылар барлық қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін атап өтті.

Финляндия сарапшылары тағылымдамадан өту өтінімдерін қарастырып келесі оқытушыларды ұсынды:

  1. Аспанова Гүлмира Рамазанқызы - педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры;
  2. Калимова Әсемгүл Жамбылқызы - педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы;
  3. Жанатова Гүлмира Аманғалиқызы - педагогика жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы;
  4. Бөжіг Жанболат - өнер және спорт жоғары мектебінің "Дене шынықтыру және спорт" ББ басшысы;
  5. Гаранина Екатерина Петровна - гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы;
  6. Қабиева Салтанат Жұмабайқызы - жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры;
  7. Гаврилова Татьяна Владимировна - жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы;
  8. Мұхамедиева Қымбатша Мәуленқызы - жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.

Халықаралық тағылымдамалар жүйелі түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр, сондықтан барлық оқытушыларды болашақта белсенді және бастамашыл болуға шақырамыз.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!