Перейти к содержимому страницы.

Факультет ұжымы республикалық сенбілікке атсалысты

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні республикалық "Бірге таза Қазақстан" атты акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ПМПУ ұжымы сапында гуманитарлық факультет ПОҚ мен студенттері де қатысты. Факультет ұжымы университет ректоры, поофессор Алтынбек Нұхымен бірге Усолка өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Ертіс жағасы мен таза ауада белсенді жұмыс істеген студенттер бөтелке, тұрмыстық қалдықтар мен т.б. табиғатқа зиянды қоқысты қаптарға жинап, арнайы көлікке тиеді.

-  Біздің студенттер, атап айтқанда, құқық және экономика негіздері мамандығының қыз-жігіттері осындай республикалық іс-шараға қатысуға дайын. Жастар осындай игі бастамадан табиғатты аялау мен қорғау туралы білім алады деген ойдамын, - дейді PhD докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Нұрболат Алпысбай.