Erasmus+ бойынша ОПҚ-ның оралымдылығы
Құрметті әріптестер
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Erasmus+ оралымдылық жобаларында серіктес болып табылады, оларды Жешув университеті (Жешув қ., Польша) және Батыс Македония университеті (Козани қ., Греция) үйлестіреді.
Жобаларға қатысуымыз профессор-оқытушы құрамының академиялық оралымдылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді (Жешув университетіне және Батыс Македония университетіне бір оқытушыдан).
Академиялық оралымдылық аясында Жешув университетіне ОПҚ баруы 01.10.2025 пен 31.07.2026 аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Жешув университетінде болу мерзімі 5 күнді (дүйсенбіден жұмаға дейін) құрауы қажет, жолға кететін күндер есептелмейді (жол жүру демалыс күндеріне жоспарлануы керек). Оқытушы қабылдаушы университетте болу кезеңінде 8 сағат көлемінде дәріс оқуы тиіс.
Оқытушы Жешув университетіне келгеннен кейін жол шығындарының бір бөлігін өтеу үшін өтемақы алады (есептеу Еуропалық комиссия қолдайтын қашықтық калькуляторының көмегімен жүргізіледі), сондай-ақ Польшада болған әр күні үшін 148 евро алады (Қаржылық ережелер құжатын қараңыз).
Жешув университеті туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы қарауға болады: https://www.ur.edu.pl/en/home
ОПҚ-ның Батыс Македония университетіне академиялық алмасуы 31.05.2025 дейін жүзеге асырылуы тиіс. Академиялық оралымдылық мерзімі – 5 жұмыс күні (дүйсенбіден жұмаға дейін). Оқытушыға 1 940 евро көлемінде қаржылық өтемақы төленеді (1 120 евро – жеке қолдау, 820 евро – көлік шығындары). Жатақхана қарастырылмаған. Қажетті құжаттар қабылдаушы университетке жіберілгеннен кейін, оқытушының банк шотына 80 % қаржыландыру аударылады. Қалған 20 % оқытушы Қазақстанға оралғаннан кейін және Батыс Македония университетінің академиялық оралымдылық үйлестірушісі сұратқан құжаттарды жіберген соң аударылады (Халықаралық оқытушылардың оралымдылығы қараңыз).
Батыс Македония университеті туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы қарауға болады: https://www.uowm.gr/en/
Конкурсқа келесі білім беру бағдарламаларының ОПҚ қатыса алады:
Жешув университеті:
Өнер және спорт жоғары мектебі:
- «Көркем еңбек, графика және жобалау» ББ
- «Дене шынықтыру және спорт» ББ
- «Музыкалық білім» ББ
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
- «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ
- «Орыс тілі мен әдебиет» ББ
Жаратылыстану жоғары мектебі
- «Биология» ББ
- «Информатика» ББ
- «Математика» мен «Физика» ББ
Педагогика жоғары мектебі:
- «Педагогика және психология» ББ
- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ
- «Арнайы педагогика» ББ
Батыс Македония университеті:
Педагогика жоғары мектебі:
- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ
- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» ББ
- «Педагогика және психология» ББ
Жешув университеті немесе Батыс Македония университетіне академиялық оралымдылық конкурсына қатысу үшін оқытушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Қысқаша өмірбаян (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
- Уәждемелік хат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде (білім беру бағдарламасының жетекшісі мен жоғары мектеп деканының қолтаңбасымен)
- Europass форматындағы CV (түйіндеме)
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (ең төменгі деңгей – В2)
- Паспорт пен жеке куәліктің түрлі-түсті көшірмесі
- Қабылдаушы университетте болу кезеңіне арналған академиялық оралымдылық бағдарламасы (жоспары) (қазақ/орыс, ағылшын тілдерінде)
- Жарияланған еңбектер мен ғылыми жұмыстар тізімі
- Алдыңғы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін растайтын сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда)
- Дипломдар мен біліктілікті растайтын сертификаттардың көшірмелері
Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық оралымдылық үміткерлерді іріктеуді үміткерлерді іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.
Барлық құжатты мөлдір мұқабасы бар файлдық құжат тігілетін папкаға жинап, интернационалдандыру бөліміне тапсыру қажет (Олжабай батыр, 60-құрылыс – университеттің бас ғимараты, 330-кабинет) 26.03.2025 мерзіміне дейін. Толығырақ ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7182) 65-16-09 (374, 404), international@ppu.edu.kz, mussina_kamila@ppu.edu.kz