Перейти к содержимому страницы.

Erasmus+ академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу туралы хабарландыру

Құрметті білім алушылар мен оқытушылар!

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Германияның Дрезден техникалық университетімен бірлесе отырып, Erasmus+ академиялық оралымдылық бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды.

Жобаның қолданылу мерзімі: 2025 жылдың күзі – 2028 жылдың жазы.

Әр семестрде академиялық оралымдылық бойынша 1 білім алушы пен 1 оқытушыны жіберу көзделген.

Білім алушылар үшін:

Конкурсқа мынадай білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриаттың 2, 3-курс студенттері мен магистратураның 1-курс магистранттары қатыса алады:

Қазіргі уақытта бакалавриат студенттері үшін 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне, сондай-ақ магистратура білім алушылары үшін 2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне іріктеу жүргізілуде.

Білім алушыларды іріктеу критерийлері:

- Оқу кезеңі бойынша транскрипттің орташа балы – кемінде 3,0 GPA болуы тиіс.

- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – В1 деңгейінен төмен болмауы керек. Конкурсқа қатысу үшін IELTS, TOEFL, Cambridge, Duolingo сияқты растаушы сертификаттар қабылданады. Егер аталған сертификаттар болмаса, білім алушы Ә. Марғұлан атындағы ППУ-дың ішкі тестілеуіне қатысуға өтінім беруі қажет.

- Ғылыми белсенділік (конференцияларға қатысу, жарияланымдар).

- Уәждеме (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған уәждемелік хат, оған куратордың, білім беру бағдарламасы жетекшісінің және жоғары мектеп деканының қолы қойылуы тиіс).

- Куратордың, білім беру бағдарламасы жетекшісінің және жоғары мектеп деканының қолы қойылған үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) ұсыным хат.

- Әлеуметтік белсенділік (дипломдар, алғысхаттар, грамоталар мен сертификаттардың көшірмесі).

Сондай-ақ паспорт пен жеке куәліктің түрлі-түсті көшірмесін және шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурсқа қатысу үшін үміткердің сауалнамасын толтырылған және басып шығарылған күйінде қоса тапсыру қажет.

Мерзімдері мен қаржыландыру:

Оқу ұзақтығы – 4 ай (1 семестр).

Қаржыландыру:

Оқытушылар үшін:

Конкурсқа мынадай білім беру бағдарламаларының оқытушылары қатыса алады:

Дрезден техникалық университетіне арналған оқытушылардың академиялық оралымдылық конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

Мерзімдері мен қаржыландыру:

Қабылдаушы университетте болу мерзімі – 7 күн (оның ішінде 2 күн жолға арналған).

Конкурс кезеңдері:

  1. Құжаттарды қабылдау және оларды талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру (Халықаралық ынтымақтастық офисі, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс (университеттің бас ғимараты), 116-кабинет.
  2. Психодиагностика (тестілеу).
  3. Университет комиссиясымен әңгімелесу (Комиссия төрағасы – «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор).

Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық оралымдылық бойынша жіберілетін үміткерлерді іріктеуді үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

Барлық құжатты мөлдір мұқабасы бар файлдық папкаға жинап, 2025 жылғы 24 қарашаға дейін Халықаралық ынтымақтастық офисіне (Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс – университеттің бас ғимарат, 116-кабинет) тапсыру қажет. Толығырақ ақпаратты мынадай байланыс нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7182) 65-16-09 (ішкі нөмірлер – 404, 374, 310), mussina_kamila@ppu.edu.kz