Перейти к содержимому страницы.

М. Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің бөлімше меңгерушісі

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жұмыс өтіліне талап қойылмай, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім;

Сіз: педагогикалық ұжымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырасыз; оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөніндегі жұмысты, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіресіз; білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын бақылауды, білім беру ұйымының кестесін құрастыру үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын жүзеге асырасыз; білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырасыз; кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге қатысасыз, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қабылдайсыз; жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етесіз; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін; есептілікті уақытылы жасауды, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етесіз.

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

жауапкершілік;

өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;

әлеуметтік бейімділік;

ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

көшбасшылық;

парасаттылық;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

бастамашылдық;

қатынасымдылық;

ұйымдастырушылық қабілеттері;

өзін-өзі бақылау;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгерген.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-  жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректордың атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Құжаттарды қабылдау 2024 ж. 10 желтоқсаннан бастап 2024 ж. 19 желтоқсанға дейін сағат 9.00 бастап 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).