Перейти к содержимому страницы.

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 2019 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2019 жыл

ПМПУ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана «Жаңа қоғамдағы жастар әлеуеті: білім беру және ғылым сапасы» атты ХV жооішілік студенттік ғылыми конференция шеңберінде «Кітап және ақпараттық қоғамдағы оның рөлі» атты тақырыптық секцияны өткізеді.

Секцияда мынадай сұрақтар талқыланады:

·        Жастардың ақпараттық сауаттылығы және кітап оқу проблемалары

·        Заманауи қоғамның міндеттерінің контексіндегі оқу рөлі

·        Жеке даму үшін оқудың маңыздылығы

·        Ақпараттық қоғамдағы кітап пен кітап оқудың түйінді рөлі

·        Үйіңіздегі кітап

·        Кітап оқу жастардың әмбебап мәдени практикасы ретінде

·        Жастарға патриоттық тәрбиелеудегі кітаптың рөлі

·        Кітап оқу мәдениеті, оқырман құзырлығы және оны қалыптастыруға кітапхананың әсер етуі

·        Кітап және жастар: қазақстандық оқырманды қалыптастыру

·        Кітап мәдениетіне, тұлға мен әлеуметтік топтардың кітап оқу динамикасы мен мазмұнына ақпараттық-комуникациялық технологиялардың ықпал етуі

·        Сандық қоғамдағы кітап пен кітап оқуды алға жылжытудың жаңа нысандары.

 

Конференцияның жұмыс жасау тілдері — қазақ, орыс, ағылшын.

Секция жұмысына ПМПУ студенттері, Павлодар қаласы колледждерінің оқушылары қатыса алады. Секцияның қатысушыларына сертификат беріледі, үздік баяндамашы Диплом және жүлдемен марапатталады, үш ең жақсы баяндама XV жооішілік студенттік ғылыми конференцияның жинағында басылуға ұсынылады. Секция жұмысы 2019 жылғы 9 сәуір күні сағат 14-30-да ақпараттық білім беру қорларының залында (Торайғыров көшесі,58, №500-бөлме) өтеді.

Баяндамаларға қойылатын талаптар: секция тақырыбына сәйкестігі, мәтін 5 беттен артық болмауы керек (14 кегль; бір аралық; жолдары: сол жағы - 3 см, оң жағы - 2 см., үстінгі жағы - 2 см., төменгі жағы - 2 см.; беттің үстіңгі жерінде – бас әріптермен баяндаманың тақырыбы беріледі, астында пробелден кейін – бас әріппен аты-жөні, тегі, жұмыс орны, тұратын орны, пробелден кейін көлемі бойынша түзетілген мәтін беріледі, абзацы – 1,25; әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақала мәтінінің соңында көрсетіледі).

Секцияға қатысуға өтінімдер 3 сәуірге дейін кітапханада (№203-бөлме, Т.К.Алкенова) қабылданады. Өтінім формасы: баяндама тақырыбы, баяндамашы туралы мәлімет (Тегі, аты, тобы), ғылыми жетекшісі туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі).

 

Ұйымдастыру комитеті

Қосымша ақпарат:

тел. 65-16-80 (230)

tatigul_74@mail.ru