Перейти к содержимому страницы.

М. Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің директоры

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық

университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға арналған конкурс жариялайды: 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде орта білімнен кейін техникалық және кәсіптік ұйым басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл. Бір немесе бірнеше біліктілік бойынша оқу орнының кадрларын даярлаудың тиісті бейіні бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл. Бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар.

Педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде) немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" біліктілік санатының, "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" санаттарының болуы.

Сіз: Колледждің жүйелі білім беру (оқу-тәрбие) және әкімшілік-шаруашылық (өндірістік) жұмысын қамтамасыз етесіз, оқу процесінің стандарттарын қолдайсыз; жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестелерін бекітесіз; әлеуметтік серіктестермен бірге жұмысты үйлестіресіз; педагогикалық кеңес жұмысын басқарасыз; білім алушылар контингентін қалыптастырасыз, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етесіз.

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

жауапкершілік;

өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;

әлеуметтік бейімділік;

ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

көшбасшылық;

парасаттылық;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

бастамашылдық;

қатынасымдылық;

ұйымдастырушылық қабілеттері;

өзін-өзі бақылау;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 10 маусымнан бастап 2025 ж. 19 маусымға дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).