Перейти к содержимому страницы.

Декан

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

ғылыми атағының болуы құпталады;

кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық қызметте немесе білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі;

ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы сертификатының (куәлігінің) болуы;

халықаралық ортада жұмыс өтілі құпталады.

 

Сіз: жоғары мектептіңакадемиялық, тәрбие және ғылыми жұмысына басшылық етесіз.

Жоғары мектептің даму стратегиясын анықтайсыз.

Білім беру қызметтерінің нарығында жоғары мектепті ілгерілетесіз.

Қазақстан мен таяу және алыс шет елдерінің білім беру, ғылыми, зерттеу және басқа ұйымдарымен мектептің ынтымақтастығын жүзеге асырасыз.

Жоғары мектептің кадрлық саясатын анықтайсыз.

Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары басшыларының жұмысын үйлестіресіз.

Жоғары мектептің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етесіз.

 

Қосымша ақпарат

 

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

Ынтымақтастық және әрекеттестік;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

күйзеліс тұрақтылығы.

 

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

 

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        жеке куәліктің көшірмесі;

-        жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-        жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

-        ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

-        соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);

-        құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

-        тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-        психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-        Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).

          ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

-   тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-   психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-   наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-   туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-   ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);

-          Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын)

Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде pspu2017@gmail.com электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

2021 ж. 05 тамызынан бастап 2021 жылғы 18 тамызға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 17ºº с. дейін, анықтама үшін тел. 8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («Конкурсқа» деген белгімен)