Аппарат басшысы
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық
университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға арналған конкурс жариялайды:
- Аппарат басшысы – 1 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары білім, басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі және/немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Сіз:
- басқарма төрағасы-ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етесіз, университет қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіресіз;
- басқарма аппараты қызметкерлерінің бірінші басшының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауына жалпы бақылауды жүзеге асырасыз, ол болмаған кезеңде басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өз функцияларын үздіксіз және тиімді орындауын қамтамасыз етесіз, оның қызметінің нәтижелілігіне жауаптылықта боласыз;
- Қоғам стратегиясын іске асыруды үйлестіресіз;
- жетекшілік ететін мынадай құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіресіз: персоналды басқару бөлімі, құжат айналымы және бақылау бөлімі, заң қызметі, архив;
- басқарма төрағасы-ректорды мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік ету үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етесіз;
- басқарма төрағасы-ректордың атына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайсыз, қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге жұмыс процесінде пайдалану не жауаптар дайындау үшін нақты орындаушыларға жүйелейсіз және бересіз, олардың уақытылы қаралуын және ұсынылуын бақылауды жүзеге асырасыз;
- басқарма төрағасының – ректордың тапсырмасы бойынша немесе өзінің лауазымдық нұсқаулықтары шеңберінде басқарма төрағасы-ректор үшін Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшесінен қажетті мәліметтерді сұратасыз және аласыз;
- басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары негізінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындайсыз;
- басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен өзара іс-қимылын ұйымдастырасыз;
- басқарма төрағасы-ректордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда іскерлік хат алмасуды жүргізесіз және Қоғамның мүдделерін білдіресіз;
- басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне әсер етуі мүмкін ағымдағы заңнамадағы және нормативтік құжаттардағы өзгерістерді қадағалайсыз және қажетті түзетулерді жүзеге асырасыз;
- бизнес-процестерге талдау жүргізесіз, оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізесіз;
- HR-саясатты іске асыруға және кадр резервін қалыптастыруға тоқсан сайын талдау жүргізесіз, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне байланысты рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейсіз және қажетті өзгерістерді жүзеге асырасыз;
- құзыретіңіздің шегінде басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына ауызша және жазбаша тапсырмалар бересіз;
- құзыретіңіздің шегінде қызметтік құжаттарға қол қоясыз.
Қосымша ақпарат
Кәсіби құзіреттіліктер:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылар;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
жауапкершілік;
өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;
әлеуметтік бейімділік;
ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;
командада жұмыс жасай білу.
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
көшбасшылық;
парасаттылық;
өзін-өзі дамыту;
тәртіптілік;
бастамашылдық;
қатынасымдылық;
ұйымдастырушылық қабілеттері;
өзін-өзі бақылау;
күйзеліс тұрақтылығы.
Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректордың атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 19 ақпаннан бастап 2025 ж. 28 ақпанға дейін сағат 9.00 бастап 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).