Перейти к содержимому страницы.

Бухгалтерлік есепке алу бөлімінің бастығы бос лауазымына арналған конкурс

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары бейінді білім (бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика);

- кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;

- қаржы-бухгалтерлік (қаржы-экономикалық) жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

- ҚР Бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын, Салық кодексін, бюджет заңнамасын білу;

- аудит және тексеру бақылауының негіздерін білгені жөн;

- 1С: Бухгалтерия, Excel, электронды есеп беру жүйелерін меңгеруі.

Міндеттері:

- басқарушылық, статистикалық, қаржылық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

- салық бойынша есептілік пен декларация, салықтар бойынша салыстыру актілерін жасау;

- іссапар шығындарын есептеу;

- түгендеу жүргізу, өнім берушілер және делдалмен өзара есеп айырысу;

- бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, міндеттерді бөлу;

- қаржылық тәртіптің орындалуын бақылау;

- аудиторлармен, банктермен, салық органдарымен өзара іс-қимыл.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 29 қазаннан бастап 2025 ж. 07 қарашаға дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).