Перейти к содержимому страницы.

Қаржы департаменті

Қаржы департаменті

Мақсаты - университеттің қаржылық-шаруашылық қызметі мен нәтижелері туралы толық және сенімді ақпарат қалыптастыру.

 

Негізгі міндеттері

  • Бухгалтерлік есепті қаржылық есептілік стандарттарына және университеттің есеп саясатына сәйкес ұйымдастыру;
  • ЖОО-ның қаржы-шаруашылық қызметін перспективалық жоспарлау, даму жоспарының орындалуына талдау жүргізу;
  • Университет қызметін қаржыландыруды уақытылы ұйымдастыру, ақшалай қаражаттың түсуін және пайдаланылуын бақылау;
  • Мүлік пен тауар-материалдық құндылықтардың болуын және қозғалысын, материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалануды есепке алу және бақылау;
  • Штаттық кестені қалыптастыру, қызметкерлердің түрлері бойынша еңбекақы қорын және санын жоспарлау, штаттық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға университетті жедел басқару үшін қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және студенттердің шәкіртақысы, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша міндеттемелерді толық және уақытылы орындау;
  • Мемлекеттік бюджет пен әлеуметтік қорларға төлемдерді дұрыс есептеу және уақытылы аудару
  • Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша бақылауды жүзеге асыру, шарттардың орындалуы және студенттердің берешегі бойынша ақпаратты есепке алу және дайындау.
  • Жылдық қаржылық, статистикалық және салықтық есептілікті қалыптастыру және заңнамада белгіленген мерзімде ұсыну
  • Университет көрсететін білім беру және басқа да ақылы қызметтердің тарифтерін әзірлеу, шығындардың түрлері бойынша шығындарды есепке алу
  • Департамент қызметінің бейіні бойынша құзыреті шегінде университеттің құқықтық актілерін әзірлеу

 

Қаржы департаментінің құрылымы / Байланысы

  • Материалдық есеп секторы, тел. 8(7182)55-27-98 (ішкі 237)
  • Қызметкерлермен есеп айырысу секторы, тел. 8(7182)55-27-98 (ішкі219)
  • Студенттерді есепке алу және есеп айырысу секторы, тел. 8(7182)55-27-83 (ішкі 218) 
  • Жоспарлау-экономикалық сектор, тел. 8(7182)55-27-98 (ішкі 364)
  • Бас бухгалтердің орынбасары, тел. 8(7182)55-27-98 (ішкі 207), 55-27-83

Мекен-жайы: Павлодар қ-сы, Мир көшесі 60, №1 ғимарат, №123, 121, 115 каб.