Перейти к содержимому страницы.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ университетіміздің қабырғасында

12.04.2018

«Көбірек жұмыс істе, сонда көбірек алатын боласың»

Нұрсұлтан Назарбаев

Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы

қаңтар, 2018

                 Біраз уақыттан бері университетіміздің қабырғасында «Студенттерге қызмет көрсету орталығында» (№1 корпус, №102 кабинет) күн сайын БЖЗҚ қызметкері жұмыс істейді, ол зейнетақы қорының барлық қызметтерін көрсете алады.

                «БЖЗҚ» АҚ 2013 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу функциясы Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңеске берілді.

                Зейнетақы заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры: міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады, зейнетақы жинақтарын жеке есепке алуды жүргізеді; салымшыға оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді.

                Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын «БЖЗҚ» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасымен барып жеке өзі немесе «БЖЗҚ» АҚ-да сенім білдірушінің атынан міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою құқығы көрсетілген нотариуспен куәландырылған сенімхат негізінде өзінің сенім білдірілген өкілі арқылы не болмаса электронды-цифрлық қолтаңбасы болса Қор сайтында – www.enpf.kz аша алады.

                «БЖЗҚ» АҚ офистері Павлодар қаласында сондай-ақ мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Есенәлиев көшесі, 1-үй, тел.: 61-81-16 және Естай көшесі, 61/2-үй, тел.: 61-81-34