Перейти к содержимому страницы.

Болашақ

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарламаға:

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалатынын ескерген маңызды.

 

«Болашақ» халықаралық стипендия бойынша толық ақпаратты және халықаралық стипендия бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін сайтан алуға болады: www.bolashak.gov.kz