В013 – «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2026 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауын өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 05.03.2026 жылғы № 14-0/1181-ішкі хаты негізінде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «В013 Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары оқу орындары арасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық байқауын өткізу жөніндегі базалық ЖОО болып табылады және II кезеңге байқау құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын («Республикалық байқауына» деген белгімен) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес байқауға белгіленген мерзімде қағаз және электрондық нұсқада жұмыстарды мынадай мекенжай бойынша ұсынуды сұраймыз: индекс 140002, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60 құрылыс, 307 кабинет.
Анықтама телефондары: +77773336916 (Корогод Наталья Петровна), +77052171979 (Тулиндинова Гульнар Каиржановна) e-mail: korogodnp@teachers.ppu.edu.kz.
Байқауға жұмыстар 2026 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.