«БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
29.10.2019
2019 жылдың 24 қазанында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында «БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Шақырылған қонақтар ішінен пленарлық отырыста келесі баяндамалар тыңдалды: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, а-ш.ғ.д., Альмишев У.Х., «Павлодар Ертіс аумағында өсімдіктер әлемінің биоәртүрлілігін сақтау», Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы: Сатиев К.К., «Павлодар облысындағы табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау», Жаратылыстану ғылымдарының докторы, Кессель университетінің профессоры Нелле В. «Мектепте молекулярлық генетиканы оқыту».
2019 жылдың 25 қазаңында конференция аясында жыл сайынғы биология ғылымдарының кандидаты Т.С. Рымжановтың атына арналған көшпелі семинар Ертіс ауданының Луговое ауылының орта мектебінде өтті. Семинарға ауданның барлық мектептерінен жаратылыстану бағыты бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер жиналды. Семинар тартысты пікір алмасу арқылы өз мәресіне жетті.
Жаратылыстану факультеті