Білім алушылардың өз қаражаты есебінен академиялық оралымдылығы (Vytautas Magnus University, Namseoul University)
Құрметті жоғары мектептердің декандары мен білім алушылары!
Vytautas Magnus University (Литва) 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық оралымдылық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген бакалавриат студенттерін (2,3 курстар) және магистратура білім алушыларын (1, 2 курстар) оқуға қабылдау туралы хабарлайды.
Осы бағдарламаға үміткер білім алушылар келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:
- Ағылшын тілін білу В2 деңгейінен төмен емес;
- GPA ең жоғары балдың кемінде 70 % құрауы тиіс.
Барлық білім беру бағдарламасының білім алушылары қатыса алады.
Бағдарлама аясында оқыту тегін. Қаржылық шығындар (оқу визасын беру, әуе жолы, тұру, тамақтану) студенттердің өз қаражаты есебінен төленеді.
Оқуға түсуге өтініш білдірушілерді университеттің бас ғимараты (Олжабай батыр, 60), 330 кабинетке 11.11.2024 ж. дейін келуді сұраймыз.
Намсеул университеті (Namseoul University) (Чхонан қ., Корея Республикасы) 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқыту үшін «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттерін (2,3 курстар) қабылдауды жариялайды.
Үміткерлерді іріктеу критерийлері:
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес;
- GPA 2,67 төмен емес.
Бұл бағдарламаның міндетті шарты корей тілін үйрену болып табылады. Корей тілін білмейтін студенттерге оқу Elementary деңгейден басталады.
Намсеул университеті жатақхананы ақылы түрде қамтамасыз етеді. Білім алушылар қаржылық шығындарды (оқу визасын беру, әуе жолы, тұру, тамақтану) өз қаражаты есебінен төлейді.
Бұл бағдарламаға қатысқысы келетін студенттерден университеттің бас ғимараты (Олжабай батыр, 60), 330 кабинетке 11.11.2024 ж. дейін келуді сұраймыз.