Перейти к содержимому страницы.

Бейнероликтер мен эссе байқауы жарияланады!

Елбасы жарлығына байланысты «Мұғалім мәртебесін» көтеру мен Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығына байланысты университет студенттері арасында «Ұстаздық мамандықты неге таңдадым?» тақырыбында бейнероликтер мен эссе байқауын ұйымдастыру ережелері:

 2. Конкурстың мақсаты мен міндеті: Бейнероликтер түсіріп, эссе жазу арқылы ППУ студенттерінің өз университетіне, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру    

3. Конкурс Павлодар педагогикалық университетінде өткізіледі. Оған осы университеттің және Қанапиянов атындағы колледждің студенттері және жоғары сынып оқушылары қатыса алады.

4. Конкурстың ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

5. Құралған әділқазылар алқасы Конкурс Ережесінің анықталған мәліметтерімен танысады және критерийлерге сәйкес нұсқаулықтан өтеді, жобаларды бағалайды.

           2. Конкурсты өткізу мерзімі және тәртібі

6. Конкурс 2021 жылғы 01 сәуір мен 09 сәуір аралығында өткізіледі.

7. Конкурстық жұмыстар Конкурсқа өтінім болған жағдайда ғана 2021 жылғы 26 наурыздан 09 сәуір аралығында pgpu-press@mail.ru электрондық поштаға материалдарды қабылдау жалғастырылады. Өтінім үлгісі:

Қатысушының толық ТАӘ Бейне тақырыбы/ атауы / курсы  Байланыс телефондары

Анықтама үшін байланыс мәліметтері: ППУ Баспасөз қызметі

Қасымхан Мұхитов, тел (WhatsApp): 8 707 365 93 95

Сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін Конкурс материалдары қарастырылмайды.

9. Конкурсқа келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Конкурс ұйымдастырушылары конкурс материалдарының авторын көрсете отырып, оны БАҚ жариялауға құқылы.

10. Конкурстың қорытындысы және жеңімпаздар тізімі 2021 жылғы 12 сәуір күні Павлодар педагогикалық университетінің ресми сайтында және фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

11. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар Бейнеролик деректі, анимациялық, қойылымдық болуы мүмкін. Қабылданатын форматтар: MP4, AVI, MOV

12. Роликтің ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек, ал эссе көлемі 1 А4 бет (14 шрифт Times New Roman) болуы талап етіледі. Бейнероликте міндетті түрде роликтің атауы және авторлары туралы титрлар болу қажет; 

13. Жұмыстарды бағалау критерийлері: сюжет арқылы бейнеролик тақырыбын ашу; бейне, аудио және монтаж сапасы;   

14. Конкурсқа қатысушы жеке немесе топпен бірігіп жасауына болады.

15. Бөгде адамның материалдары мен Интернет желісіндегі материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Конкурс жұмыстары бұрын ешқандай сайтта жарияланбаған болуы тиіс.

16. Үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарының сақталуына жұмыс авторлары жауапты болады.

17. Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау: конкурстың қорытындысы бойынша Әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.

18. Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.