Бас бухгалтер
Бас бухгалтер бос лауазымына арналған конкурс
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары кәсіптік білім (қаржылық-экономикалық), білім беру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде жұмыс бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл. Кәсіби бухгалтердің сертификаты болуы
Сіз:
- Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде ҚР заңнамасын, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңын, Бухгалтерлік есеп стандарттарын, Бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Үкіметтің өзге де актілері мен қаулыларын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- ақша қаражаттарының, тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың қозғалысына байланысты барлық операциялардың бухгалтерлік жазбаларда уақтылы көрсетілуін, кассалық және есеп айырысу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
- университеттің материалдық-техникалық базасын ұтымды пайдалануды бақылау;
- ТМҚ, ОЖ және ақшалай қаражаттарды түгендеуді уақтылы жүргізуді ұйымдастыру; - мемлекеттік бюджетке төлемдердің, жалақы мен стипендиялардың, іссапар сомаларының және өзге де төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы аударылуын бақылау;
- белгіленген мерзімде салық есептілігін жасау мен тапсырудың дұрыстығын бақылау;
-директорлар кеңесі мен жалғыз акционерге университеттің Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруге және жылдық қаржылық есептілікті келісуге және бекітуге ұсынуға міндетті.
Қосымша ақпарат
Кәсіби құзіреттіліктер:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылар;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
жауапкершілік;
өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;
әлеуметтік бейімділік;
ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;
командада жұмыс жасай білу.
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
көшбасшылық;
парасаттылық;
өзін-өзі дамыту;
тәртіптілік;
бастамашылдық;
қатынасымдылық;
ұйымдастырушылық қабілеттері;
өзін-өзі бақылау;
күйзеліс тұрақтылығы.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 29 тамызынан бастап 2025 ж. 07 қырқұйегіне дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)