"Қазақстандағы STEM саласында мұғалімдерді даярлауда педагогикалық және ғылыми-зерттеу әлеуетін (ЖОО) арттыру: ғылыми-практикалық әріптестік"
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде "Қазақстандағы STEM саласында мұғалімдерді даярлауда педагогикалық және ғылыми-зерттеу әлеуетін (ЖОО) арттыру: ғылыми-практикалық әріптестік" бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын іске асырудың екінші (практикалық) кезеңі басталды (2021-2023 жж., Spencer қорының гранты). Жоба жетекшісі Назарбаев Университетінің профессоры Бриджит Гудман. Назарбаев Университетінің CRP (Collaborative research project) жобасына Қазақстанның 5 жоғары оқу орны кірді, олар Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті және Нұрсұлтан қаласының гуманитарлық колледжі.
Біздің университеттің ғылыми жұмыс тобының құрамына жаратылыстану жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларының басшылары кірді, жобаны іске асыруының үйлестірушісі - жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры В.Н. Алиясова.
Зерттеудің мақсаты STEM және көптілді білім беру саласындағы мұғалімдерді даярлаудың жай-күйін неғұрлым терең түсіну және қазақстандық әріптес жоғары оқу орындарында оқыту мен ғылыми - зерттеу қызметін трансформациялау мүмкіндігін зерделеу болып табылады. Екінші кезеңде екі апта ішінде біздің аймақ мектептерінің ПОҚ, студенттері мен мұғалімдеріне сауалнама жүргізіледі және алынған деректерді өңдеу және талдау жүргізіледі.
"Қазақстандағы STEM саласында мұғалімдерді даярлауда педагогикалық және ғылыми-зерттеу әлеуетін (ЖОО) арттыру: ғылыми-практикалық әріптестік"