Перейти к содержимому страницы.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: отандық тарих ғылымының жетістіктері мен инновациялары"

09.12.2021 жылы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің өкілдері – доцент Н.Е. Күзембаев, 2 курс магистранты Серік Еркеш және 3 курс студенті Владислав Голоденко Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің мұражайында 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді. Іс-шараның тақырыбы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: отандық тарих ғылымының жетістіктері мен инновациялары".
Доцент Н.Е. Күзембаев "Қазақстан Республикасының тарих ғылымы жетістіктерінің кезеңдері" тақырыбында сөз сөйледі, баяндамашы тарих ғылымының дамуының негізгі қорытындылары туралы айтты.
Магистрант Серік Еркеш "Қазақстанның ортағасырлық сәулет құрылыстарын тарихи реконструкциясы" тақырыбында сөз сөйлеп, өз баяндамасында тарихи реконструкциясының ерекшеліктері мен осы саладағы өзіндік әзірлемелер туралы айтты. Студент Владислав Голоденко "Жерлеу ескерткіштерін бекіту бойынша археологиялық ғылымда инновациялық әдістемелерді қолдану" презентациясымен сөз сөйледі. Ол өзінің ғылыми зерттеулері және археологияда информатика әдістерін қолдану туралы айтып берді.
Лицей директоры Г.К. Бабықова өз сөзінде оқушылардың тарих ғылымындағы инновацияларға деген үлкен қызығушылығын атап өтіп, университеттегі студенттердің жоғары дайындық деңгейіне тоқталды. Оқушылар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, тарихшы мамандығына және қазіргі заманғы тарихи зерттеулерге қызығушылық танытты.