Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2021 жылғы 25 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады.
Негіздеме: 2011 жыл 19 шілде №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы.