Перейти к содержимому страницы.

«Алғыс күнінің тарихы мен философиясы»

Қазақстан Республикасының Алғыс айту күнін мерекелеу аясында 21-26 ақпан аралығында Достық Үйінде Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларына «Алғыс күнінің тарихы мен философиясы» апталығын өтті. Басты идея жас ұрпаққа «Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу болып табылды.

Қатысушылар үшін сабақ спикерлері ретінде Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары мен мамандары қатысты, соның ішінде облысымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – А.Аманова, ҒСТ мүшесі, аға оқытушы – Г.Тохметова, ҒСТ мүшесі, «Тарих» ББ жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Б.Абдрахманов, ҒСТ мүшесі, Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының басшысы, - Р.Игибаева, ҒСТ мүшесі, «Тарих» тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – А.Молдакимова.

Жоба аясында спикерлер құрамының қатары және күнделікті келетін оқушылардың мектебі өзгеріп отырды. Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары спикерлер ретінде сөз сөйлеп, біздің елімізге, соның ішінде аймаққа, этностардың алғаш аяқ басқаны жайлы мағлұмат береді. 

Одан әрі балаларды этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шығармашылық ұжымдарының педагогтарының ән айту, би үйрену, домбырада ойнау, сондай-ақ дәстүрлі әнді домбырамен мәнерлеп айту бойынша мастер-класстар өткізілді. Жоғарыда аталған барлық іс-шараларға 200-ге жуық оқушы қатысты.