«Ғалымдардың тарихи деректерге жүгінуі кездейсоқ емес...»
2021 жылғы 28 қазан күні Павлодар қаласында «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік: тарих, архивтер және ғылыми зерттеулердің перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысы қоғам және саяси қайраткерлерді, белгілі ғалымдар мен архив қызметінің мамандарын біріктірді. Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің тарихшы-ғалымдары іс-шараға белсенді қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Қазақстан тарихы: архивтік деректерімен жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында жасаған баяндамасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлфира Елубайқызы Өтепова: «Бүгінде ғалымдардың тарихи деректерге жүгінуі кездейсоқ емес, өйткені олар тарихи шындықты еш бояусыз, обьективті тұрғыда қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Тарих – нақты ғылымдардың бірі, бірақ оны адамдар түсіндіреді. Демек, тарих ғылымындағы еркіндік, ең алдымен, түпдеректерге негізделуі тиіс. Түпдеректерді анықтау мен зерделеуде үлкен рөл архивтерге тиесілі, өйткені олар объективті тарихты қалпына келтіруге, көптеген даулы және ашық күйі қалып отырған сұрақтарға жауап беруге көмектесетін көптеген құжаттардың сақтаушысы болып табылады. Заңдар мен қоғамның ішкі саяси қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан объективті тарихты қалпына келтіруде үлкен маңызға ие. Заңнамалық құжаттартиісті деңгейде зерттелуі керек, өйткені олар оқиғалардың объективті көрінісін, дамудағы тарихи процесті көрсетуге жәрдемдеседі. Заңнамалық актінінің қабылдануы оның талқылануы мен бекітілуі сынды күрделі жолын анықтайтын көптеген материалдар мен құжаттарды зерттеуді қажет етеді», – деп атап өтті.
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аймекен Мерекеқызы Сыздыкова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әсел Серікқызы Аманова және PhD, доцент Айгүл Маратқызы Садықова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлығының аясында құрылған жұмыс тобының мүшелері ретінде іске асырылап жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.