Перейти к содержимому страницы.

АЛИНА САМБУЕВА ТАЭКВОНДОДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

06.10.2026

Марғұлан университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Алина Самбуева Түркістан қаласында өткен таэквондодан ITF Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті.

18–34 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бәсекеде Алина жеке тул бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар командалық спарринг пен командалық тул сайыстарында да күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша Алина үш мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, Марғұлан университеті мен Павлодар облысының намысын абыроймен қорғады.

Алина Самбуева таэквондодан түрлі халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұған дейін де студентіміз бірқатар халықаралық және республикалық турнирлерде жүлдегер атанып, жеңімпаздар қатарынан көрінген.

Алинаны айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік спорттық жетістіктер тілейміз!