Перейти к содержимому страницы.

Академиялық оралымдылық бойынша студенттерді шетелге оқуға жіберу конкурсының нәтижелері

2025 жылдың 29 сәуірінде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде академиялық оралымдылық шеңберінде студенттерді 2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға жіберу бойынша конкурстық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия отырысы барысында аудио- және видеожазба жасалынды, сонымен қатар комиссияның кеңейтілген отырысы университеттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляцияланды.

Келесі оқу жылына Министрлікпен біздің университеттің студенттеріне Еуропа университеттерінде оқуға 8 грант бөлінді.

Конкурс жарияланғаннан кейін университеттің интернационалдандыру бөліміне 29 өтініш түсті. Құжаттарды тексеру барысында 18 өтініш іріктеуден өтті.

Конкурстың жеңімпаздары:

Негізгі тізім:

  1. Полатова Гулбану Нурали Қизи, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  2. Келесбаев Нұрсұлтан Жәнібекұлы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  3. Асқар Анеля Асқарқызы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  4. Жексенбаева Анель Асхатовна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  5. Ардаққызы Әлмира, 6В01542 Химия (IP)
  6. Тулеу Назым Бауржанқызы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  7. Калыкова Дильназ Асылбековна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  8. Мереке Әдел Арманқызы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі

Резервтік тізім:

  1. Тутенов Мадияр Ерембекович, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  2. Әбдікәрім Айназ Әсетқызы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  3. Ташимова Асемгуль Акылбековна, 6В01731 Ағылшын тілі мен әдебиет, медиадидактика
  4. Мереке Әнел Арманқызы, 6В01552 Биология (IP)
  5. Жунусова Сабина Бериковна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  6. Юсанова Умида Бахадировна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  7. Сұлтанбек Айдана Қанатқызы, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  8. Тлеубердинова Аяулым Еркиновна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
  9. Ахметжан Айша Нұралықызы, 6В01903 Арнайы педагогика (IP)
  10. Кажмухамбетова Аяна Жолдасбековна, 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі

Конкурсқа қатысқан барлық үміткерлерге алғыс айтамыз және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Біз сіздердің шетелдегі оқуыңыздың жемісті болуына сенеміз!

Қосымша ақпарат алу үшін:

Интернационалдандыру бөлімі

Email: international@ppu.edu.kz