Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылға (күзгі семестр) академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде (Европа елдері) оқу үшін конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысу үшін, міндетті құжаттар:
- Білім алушының өтініші (Бас корпустың 330 каб. алуға болады);
- шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса);
- өтініш берушінің ата-анасының, қорғаншысының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі (Сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз);
- көп балалы отбасын растау үшін отбасының құрамы туралы құжат;
- жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санатына білім алушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (бар болса);
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).
Қосымша және өзекті ақпарат алу үшін арналған чат: https://chat.whatsapp.com/Lng1GFGLMbyFwrnGLXmLLd
Өтініш қалдыру үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз https://global.ppu.edu.kz/
Өтінім беру мерзімі 2023 жылдың мамыр айы күні 19
Барлық сұрақтар бойынша Интернационалдандыру бөліміне (Бас корпус, 330-кабинет) және +7-7182-65 16 09 телефоны немесе электрондық пошта: issayeva@ppu.edu.kz арқылы хабарласыңыз.