Перейти к содержимому страницы.

Академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ

профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

 

Академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

          - жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары (специалитет) білім;

          - ғылыми, академиялық дәрежесі: ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магистр (ғылыми-педагогикалық бағыт);

          - кемінде 1 жыл ғылыми-педагогикалық қызметте немесе білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі;

          - оқытатын пәннің бейіні бойынша соңғы 3 жылда және оқыту курсында кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлемінде, инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша курс (тағылымдама) кемінде 72 сағат, 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы;

          - сертификатпен расталған мемлекеттік және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, сертификатпен расталған ағылшын тілі болғаны дұрыс;

- халықаралық ортада жұмыс өтілі құпталады.

Сіз:

- оқу процесін жоспарлауды жүзеге асырасыз;

- білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оқыту сапасын талдайсыз;

- ОПҚ-ның оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырасыз;

- жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайсыз;

- жоғары мектептің Университеттің басқа мектептерімен және құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және жақын және алыс шет елдердің білім беру, ғылыми, зерттеу және басқа да ұйымдарымен ынтымақтастығына ықпал етесіз;

- орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін кәсіптік бағдарлау, ЖМ білім беру бағдарламалары бойынша оқуға талапкерлерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізесіз;

- білім беру бағдарламалары, ЖМ құрылымдық бөлімшелері басшыларының жұмысын үйлестіресіз.

 

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

Ынтымақтастық және әрекеттестік;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

күйзеліс тұрақтылығы.

 

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        жеке куәліктің көшірмесі;

-        жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-        жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

-        ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

-        соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);

-        құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

-        тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-        психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-        Қызмет бағыты бойынша жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).

                   ППУ жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы-ректорының атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

- ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);

- қызмет бағыты бойынша жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).

Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@ppu.edu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

 

2025 ж. 31 қаңтардан бастап 2025 жылғы 13 ақпанға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).