ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ.
03.09.2019
2019 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің бастамасымен, «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Адалдық сағаты» өтті.
Жиында оқу ордамыздың факультет декандары және университетіміздің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Дәкен Ж. қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, шараның мән-маңызына тоқталды. «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өң бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Жиын барысында оқу ордамыздың студенттеріне дәріс оқыған факультет декандары сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Шара барысында лекторлар қазақтың бойында баяғыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы»,- деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.