«АДАЛ ЖҮРЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ КҮЗГІ МАРАФОНЫ
24.09.2019
2019 жылдың 28 қыркүйегінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Өнер және спорт» факультетінің қызметкерлері және студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жүрек» республикалық акциясының күзгі марафонына қатысты. Марафонның мақсаты – қоғамның және көмекке мұқтаж жандардың алдында әрбiр азаматтың парасаттылығын арттыру болып табылады. Акция соңында қатысушылар орман алқабын тұрмыстық қоқыстардан тазалап, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі көрсетіп, табиғатты аялауға шақырды.