Перейти к содержимому страницы.

2022 жылдың 24 ақпан

2022 жылдың 24 ақпанында Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің доценті Н.Е. Күзембаев Павлодар қаласының № 8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде жоғары сыныптар үшін кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді. Іс-шараға лицейдің сынып жетекшілері мен лицей басшылығы қатысты. Өз сөзінде доцент педагогикалық университетке және "Тарих" білім беру бағдарламасына түсудің артықшылықтары туралы айтты. Кәсіптік бағдар беру әңгімесінен кейін риторика және шешендік өнердің табысты мансап үшін маңыздылығы туралы дәріс өтті.