2022 жылдың 14 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ППУ тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Газиосманпаша университетінің профессоры (Түркия) Алпаслан Демир дәріскер ғалым ретінде шақырылды.
2022 жылдың 14 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Павлодар педагогикалық университетіне тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Газиосманпаша университетінің профессоры (Түркия) Алпаслан Демир дәріскер ғалым ретінде шақырылды. Ғалым аталған мерзім аралығында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттеріне дәріс оқып, оқытушылар мен жас ғалымдарға арнап ғылыми семинарлар, тренингтер және докторанттар мен магистранттарға ғылыми кеңестер өткізді. Ғылыми семинарға қатысушы және ғалымнан кеңес алған "Тарих" білім беру бағдарламасының магистранты Даурен Сулекеев өзі үшін ғылыми тұрғыдан қызықты мәліметтер алғанын, Түркия елінің тарих ғылымындағы басым бағыттар, ғылыми зерттеулер туралы маңызды ақпар алғанына тоқталып өтті. Болашақта Дәурен Сулекеев Түркия елінде ғылыми тағылымдамадан өтуді жоспарлап отырғанын айтты. Бүгінде профессор Алпаслан Демир университетіміздің "Тарих" білім беру бағдарламасының докторанты Бибігүл Ақшолақованың ғылыми кеңесшісі болып табылады. Түркия елінде Токат Газиосманпаша университетіндегі ғылыми тағылымдама барысында Бибігүл Ақшолақова ғылыми кітапхана қорымен жұмыс жасап, диссертациялық зерттеуі бойынша қажетті материал жинап, шетелдік кеңесшінің ақыл-кеңесін алып отырды.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында профессор Алпаслан Демирдың университет оқытушылары, докторанттар мен магистранттар үшін өткізген 72 сағаттық біліктілікті арттырудың халықаралық курсы "Еуропалық стандарттарға сәйкес тарих бойынша ғылыми жобаларды дайындау ерекшеліктері" тақырыбына арналды. Курсты тыңдаушылар түрік университеттерінде тарих жобаларын дайындау ерекшеліктерімен танысты. Бұл тәжірибені оқытушылар, магистранттар және докторанттар ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға болашақ өтінімдерді дайындау кезінде пайдаланатын болады. Курс тыңдаушылардың бірі — қауымдастырылған профессор, PhD А. Садыкова оның ЖОО оқытушылары үшін өзекті тақырыпқа арналғандығын және екі елде де ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін білу болашақта бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға оң септігін тигізе алатынын атап өтті. "Курс барысында тәжірибе алмастық. Ал, бұл ғылыми жобалар бойынша өтінімдерді даярлац үдерісінде және жобаны іске асыру барысында өте пайдалы. Себебі нақты практикалық кеңестер айтылды", — деп ой бөлісті Нуркен Кузембаев — қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты.
Университетіміздің 60-жылдық мерейтойына орай өткізілген "Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның педагогикалық білімін жаңғырту: теориялық және қолданбалы негіздері" Халықаралық конференцияда профессор Алпаслан Демир баяндама жасап, Түркия еліндегі тәжірибемен бөлісті.
18 қарашада университетімізде өткізілген "Қазақстан және Түркия тарих ғылымының өзекті мәселелері" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел барысында профессор Алпаслан Демирдың жоғалған ауылдар мәселесіне арналған баяндамасы профессор-оқытушылар құрамы және жас ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. "Түркиядағы үш аймақты зерттеу обьектісі ретінде алып, барлығы екі жүз мыңдай архив құжаттарын талдадық", — деп ой бөлісті профессор Алпаслан Демир.
Жоғарыда аталған шаралар тек тәжірибе алмасуға ғана емес, болашақта екі білім ордасы арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпалын тигізетіні анық.2022 жылдың 14 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Павлодар педагогикалық университетіне тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Газиосманпаша университетінің профессоры (Түркия) Алпаслан Демир дәріскер ғалым ретінде шақырылды.