Перейти к содержимому страницы.

2022-2023 жылдарға арналған академиялық саладағы кәсіпкерлікті қолдау және инновациялық мен ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін грант тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы

«Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ 2022-2023 жылдарға арналған академиялық саладағы кәсіпкерлікті қолдау және ғылыми-зерттеу қызметі мен инновацияларды қолдау үшін грант тағайындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Павлодар педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамы, қызметкерлері, студенттері, магистранттары, докторанттары байқау қатысушылары бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және коммерцияландыру туралы ережеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Құжаттар зерттеуді қолдау жөніндегі департаментіне қағаз және электронды түрде ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 26 наурызында басталады.   Өтінімдерді ұсынудың ақтық мерзімі – 2022 жылғы 25 сәуір (қоса алғанда).

Өтінім 18 ай – жобаны іске асыру мерзімі туралы ақпаратты (күнтізбелік жоспардағы жұмысты орындаудың басталуы – 2022 жылдың шілдесі) қамтуы тиіс.

Жобаны жүзеге асыруға қажетті сұралатын қаржыландыру сомасы 2022 жылға 900 мың теңгеден артық емес, 2023 жылға 1800 мың теңгеден артық емес.

Конкурстық құжаттама «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ сайтында (https://ppu.edu.kz) «Ғылым (Инновация және коммерцияландыру)» бөлімінде орналастырылған. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 14.00-ден бастап 15.00-ге дейін зерттеулерді қолдау жөніндегі департаментіне (1 ғимарат 322 кабинет) жүгінуге болады.