Перейти к содержимому страницы.

2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде бакалавриат студенттері үшін академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша шетелде (Еуропа елдері) оқуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. білім алушының нысан бойынша өтініші;
  2. ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі;
  3. ЖОО-ның мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (2 дана);
  4. шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
    • шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат болған жағдайда немесе
    • шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға шетелдік жоғары оқу орнының келісім хаты немесе,
    • қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес) (тестілеуді интернационалдандыру бөлімі 105 кабинетте өткізеді);
  5. № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушыға; үміткер шақырушы университеттен шақыру хатын алғаннан кейін);
  6. нысан бойынша шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
  7. Қазақстан Республикасынан кету кезінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қорғаншыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
  8. студенттің көп балалы отбасынан шыққандығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  9. студентте ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қорғаншылығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болған жағдайда);
  10. студенттің мүгедектігін растайтын құжат (жеке өтініш бойынша СҚКО-да беріледі).
  11. университетте оқу уақытында алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  12. өлшемді 3х4 4 дана

Конкурсқа құжат тапсырудың екі тәсілі бар:

Өтінім берудің соңғы күні  - 2022 жылғы 22 сәуір.

Барлық сұрақтар бойынша +7-7182-65 16 09 телефоны немесе inter_pspi@mail.ru эл. поштасы арқылы интернационалдандыру бөліміне хабарласыңыз.