2021-2022 оқу жылының күзгі семестрі бойынша студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Құрметті студенттер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде бакалавриат білім алушылары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде (Еуропа елдері) оқуға байқау жариялайды.
Сайысқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімі керек:
1) білім алушының нысан бойынша өтініші;
2) ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі;
3) ЖОО-ның мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт*;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) сертификаты;
- шетелдік жоғары оқу орнының шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісім хаты;
- қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) № 072/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
7) студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болса);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
*СҚКО жеке өтініш негізінде беріледі. Орындау мерзімі – 1 апта.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім беру үшін келесі сілтеме бойынша өтуге болады https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass203_mon
Өтінім беретін соңғы күн: 2021 жылдың 19 тамызы.
Барлық сұрақтар бойынша интернационалдандыру бөліміне хабарласыңыз (105 каб.) тел.: +7-7182-65-16-09 немесе эл.пошта: inter_pspi@mail.ru