ПМПУ-ДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Дөңгелек үстел барысында ұлттық біліктілік жүйесі мәселесін қозғап, түлектерді біліммен қаруландыратын жүйеге айналдыру жолында не істеу керек деген сұраққа да жан-жақты ой талқы өтті. Қатысушылар қатарында доктаранттар, магистранттар және 3-4 курс студенттері болды. Оған қоса «Дублин дескрипторлары» жайлы сөз қозғап, осы тұстағы педагогтың міндеттеріне де тоқтала кетті. Дөңгелек үстелге модератор болған Гүлсім Кенжебекқызы қатысушылар назарына арнайы әзірленген презентация ұсынды. Аталмыш презентацияға шолу жасаған аға оқытушы Екатерина Петрова білім беру жүйесінің құрылымына тоқталып өттті.