ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ БОЙЫНША ТРЕНИНГ
Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласындағы филиалы 2020 жылдың 16 қаңтарында гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің оқытушыларына «Педагогикалық көшбасшылық жоғары білім мазмұнын жаңартудағы негізгі фактор» атты тренинг өткізді. Іс-шара Павлодар педагогикалық университеті мен Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр. Тренингке декандар, вице декандар, оқу бағдарламаларының жетекшілері мен оқытушылар қатысты. Тренингтің негізгі мақсаты - педагогикалық көшбасшылықтың жеке оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру құралы ретіндегі маңыздылығын анықтау. ПШО-ның білікті тренері, біздің әріптесіміз, п.ғ.к., доцент Нығметова Бибігүл Жамбылқызы оқытушылармен білім мазмұнын жаңарту ерекшеліктерін, оларды университеттің білім беру бағдарламаларына бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады, оқу процесін басқару дағдыларын, атап айтқанда, сараланған көзқарас пен проблемалық оқыту мәселесі туралы айтты. Тренинг барсында тұлғааралық қақтығыстардан аулақ болу үшін эмоционалды интеллект пен эмоцияны басқару дағдыларының мәні туралы мәселе көтерілді. Тренинг әріптестердің өзара белсенді ынтымақтастығы жағдайында өтті.