М. Қанапиянов ат. жоғары колледж
Павлодар педагогикалық университетінің колледжі 2004 жылы ашылды. 2019 жылғы 23 желтоқсандағы Ғылыми кеңестің шешімі (№2 хаттама) негізінде колледж «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ Мұсахан Қанапиянов атындағы Жоғары колледжі болып өзгертілді.
Павлодар облысының білім беру саласындағы бақылау департаментінің бұйрығы негізінде берілген білім беру қызметіне арналған лицензияға қосымша:
- 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, біліктілік 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешісі;
- 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі;
- 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі;
- 01140500 Дене тәрбиесі және спорт, біліктілік 4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі ;
- 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі біліктіліктері;
- 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі .
Колледж базалық және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген педагогикалық сала үшін орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асырады.
Педагогтардың саны – 37 адам, оның ішінде 4-еуі қосымша қызмет атқарушы педагог.
14 адам магистрлік дәрежеге ие. Сонымен қатар, 3 адам магистратурада оқуын жалғастыруда.
Біліктілік санаты барлар:
- жоғары біліктілік санаты – 11 адам,
- бірінші біліктілік санаты – 3 адам,
- екінші біліктілік санаты – 3 адам.
Мұғалімдер үнемі біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға қатысады.
Педагогикалық қызметкерлер оқу үрдісіндегі өзгерістерге сәйкес ғылыми-әдістемелік бағытта өз жұмыстарын жетілдіреді. Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеріп, өз ғылыми ұсыныстарын енгізіп, мақалалар жариялайды.
Колледждегі материалдық-техникалық база: оқу корпусы – 1, сабақ өткізуге арналған аудиториялар саны – 9, оның ішінде компьютерлік сыныптың саны – 1.
Қазіргі таңда колледждің жұмыс істеуі және оның білім беру қызметін жүзеге асыру процесінде заманауи материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Компьютерлік сынып – оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері бойынша сабақ өткізу үшін және білім алушылардың өзіндік жұмысын орындауы үшін пайдаланылады.
Білім беру процесін іске асырудың маңызды шарты – оны оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету.
Колледждің оқытушылар құрамы оқу процесінің қажеттілігін толық қанағаттандыратын оқу және оқу-әдістемелік құралдарын, ОӘК, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін колледж ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын пайдаланады.