Перейти к содержимому страницы.

«Сурдопедагогика» білім беру бағдарламасы

6B01901 «Арнайы педагогика: Сурдопедагогика» білім беру бағдарламасы біздің университетте 2024 жылы ашылды. Білім беру бағдарламасының ашылғанына көп уақыт өтпесе де, студенттер оқу-зерттеу қызметіне белсенді қатысып келеді. Олар ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балаларды зерттеуге, оқытуға және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған жобаларға қатысады.

6B01901 «Арнайы педагогика: Сурдопедагогика» білім беру бағдарламасы аясында болашақ сурдопедагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған бейіндік пәндер оқытылады.

6B01901 «Арнайы педагогика: Сурдопедагогика» мамандығы студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында Павлодар қаласындағы мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында эксперименттік алаңдар жұмыс істейді. Атап айтқанда, практикалық және зерттеу жұмыстары Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасына қарасты «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ және «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында жүзеге асырылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен бірлесіп, болашақ сурдопедагогтердің кәсіби маңызы бар білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық әлеуетін, зерттеушілік қабілеттері мен практикалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибеге бағдарланған жұмыстар жүргізеді.

6B01901 «Арнайы педагогика: Сурдопедагогика» білім беру бағдарламасы студенттердің теориялық даярлығын, ғылыми-зерттеу қызметін және практикалық оқуын ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуге қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.