Профессор-оқытушылар құрамы
БББ жетекшісі «Дефектология», «Арнайы педагогика», педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Шавалиева Зульфия Шавалиевна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Торайгырова 58, корпус № 5
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және жылы
Жоғары кәсіби білім: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 1996 жыл.
Екінші жоғары білім: Павлодар педагогикалық университеті, «Арнайы педагогика» мамандығы, біліктілігі – арнайы педагог, олигофренопедагог, 2025 жыл.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Педагогика және психология» мамандығы, 2004 жыл.
Докторантурада оқу / кандидаттық диссертация: 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2011 жылы қорғалды.
Ғылыми атағы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2017 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент (Associate Professor) ғылыми атағы берілді.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 21 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы».
Ғылыми зерттеу салалары
Жалпы педагогика, тұлғаны қалыптастыру және дамыту, кәсіби педагогика, инклюзивті білім беру, жоғары мектеп педагогикасы.
9 оқу құралының, 9 электрондық оқулықтың және 4 инновациялық патенттің авторы. 50-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымның, 5 монографияның авторы.
Оқытатын пәндері
- Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары;
- Білім берудегі көшбасшылық;
- Жобаларды басқару;
- Педагогикалық өлшемдер;
- Педагогикалық зерттеулер.
педагогика Жоғары мектебінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сатыбалдина Ботагоз Амангельдиновна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- NurmagambetovaBA@pspu.kz
- Пошта
-
- Торайгырова 58, корпус № 5
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және жылы
Жоғары білім: Павлодар педагогикалық институты, «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы, 1988 жыл.
Аспирантура: 13.00.08 – «Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен 2006 жылы бекітілді.
Ғылыми атағы
Педагогика мамандығы бойынша доцент (Associate Professor).
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 28 жыл. 1991 жылдан бастап педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келеді.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Ауыл мектебі жағдайында болашақ мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыру».
Ғылыми зерттеу салалары
Жалпы педагогика, тұлғаны қалыптастыру және дамыту, кәсіби педагогика, оқыту мен тәрбиенің заманауи мәселелері, инклюзивті білім беру, жоғары мектеп педагогикасы.
Конференция материалдарының жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда 50-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген, оның ішінде 6 оқу құралы бар.
Оқытатын пәндері
- Білім туралы ғылым;
- Оқытуды жоспарлау және оқытуды дараландыру;
- Педагогикалық зерттеулер;
- Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары;
- Педагогикалық шеберлік негіздері.
Қауымдастырылған профессор
Сарсембаева Элла Юрьевна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және жылы
1994 жыл – Павлодар педагогикалық институты, мамандығы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2003 жыл – Павлодар университеті, «Педагог-психолог, практикалық психолог» мамандығы бойынша үздік диплом.
2005 жыл – Павлодар университетінің магистратурасы, психология магистрі дәрежесі.
2013 жыл – Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің (Новосібір қаласы) аспирантурасы.
2018 жыл – 19.00.07 – «Педагогикалық психология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Ғылыми дәрежесі
Психология ғылымдарының кандидаты, 19.00.07 – «Педагогикалық психология» мамандығы.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 22 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Функционалдық сенсомоторлық асимметрияны ескере отырып, педагог-басшылардың басқару қызметі стильдерін оңтайландыру».
Ғылыми зерттеу салалары
Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты адамның миының дамуының табиғи психофизиологиялық негіздерінің, атап айтқанда функционалдық сенсомоторлық асимметрияның, адам қызметінің әртүрлі түрлеріне ықпалын зерттеуге бағытталған.
Зерттеу бағыттарына басқару қызметінің психологиясы, отбасылық психология, ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балалардың дамуы мен әлеуметтенуін сүйемелдеу мәселелері кіреді.
Авторлық құқыққа ие. Конференция материалдарының жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда ғылыми жарияланымдары жарық көрген.
Оқытатын пәндері
- ЕБҚ бар балалар дамуының клиникалық ерекшеліктері;
- Балалар жасындағы невропатология;
- Арнайы білім берудегі нейропсихологиялық тәсілдер;
- Психопатология негіздері;
- Дифференциалды диагностика бойынша практикум.
Қауымдастырылған профессор
Дузелбаева Айтолкын Болатовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және жылдары
2007–2011 жылдар – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының бакалавриаты.
2011–2013 жылдар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және PhD докторантура институты, магистратура.
2014–2017 жылдар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, докторантура.
Ғылыми дәрежесі
PhD докторы, 6D010500 – «Дефектология» мамандығы.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы және ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 13 жыл.
Әр жылдары 6D010500 – «Дефектология», 6В01900 – «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы және уақытша мүшесі қызметтерін атқарды.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Педагогикалық білім беруді жаңғырту жағдайында мұғалім-дефектологтарды даярлау».
Ғылыми зерттеу салалары
Арнайы білім беру, инклюзивті білім беру, инклюзивті білім берудегі этнопедагогикалық тәсілдер, жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
30-дан астам ғылыми-зерттеу мақалаларының, оқу құралдарының және патенттердің авторы. Арнайы педагогика және инклюзивті білім беру бағытындағы жобаларға қатысады.
Оқытатын пәндері
- Арнайы педагогика;
- Логопедия;
- Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеу технологиялары;
- Әртүрлі ұйымдарда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру;
- Логопедиялық практикум;
- Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқыту жүйесі.
Қауымдастырылған профессор
Утилова Айгуль Муратовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- utilova_aigul@ppu.edu.kz
- Пошта
-
- Торайгырова 58, корпус № 5
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және жылы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 1998 жыл.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 22 жыл. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі – 15 жылдан астам.
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда жарияланған 1 ғылыми мақала бар. Биология бойынша терминологиялық анықтамалықтың және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі пайдалануға ұсынған «Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» әдістемелік құралының бірлескен авторы. 1 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында биология сабақтарында орта буын оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру».
Ғылыми зерттеу салалары
Мектеп оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру; Павлодар қаласындағы инновациялық мектептердің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын сүйемелдеу бойынша кеңес беру; мұғалімдерді «Педагогикалық бастамалар», «Дарынды оқушы – талантты мұғалім» республикалық байқауларына дайындау; оқушыларды «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауына дайындау.
Оқытатын пәндері
- Сыныпты басқару;
- Педагогикалық зерттеулер;
- Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы.
Қауымдастырылған профессор
Жанатова Гульмира Амангалиевна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Торайгырова 58, корпус № 5
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
Павлодар педагогикалық институты, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 1994 жыл.
Павлодар университеті, «Педагогика» мамандығы бойынша магистратура, 2005 жыл.
Аспирантура: Қ. Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы), 13.00.02 – «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» мамандығы. Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен 2017 жылғы 27 қыркүйекте педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі – 29 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін әдебиеттік оқу сабақтарын өткізуге даярлаудың лингводидактикалық негіздері».
Ғылыми зерттеу салалары
Жоғары мектеп педагогикасы, мектептегі оқытудың заманауи технологиялары, инклюзивті білім беру, білім берудегі менеджмент, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, мұғалімдерді «Педагогикалық бастамалар» республикалық байқауына дайындау бойынша кеңес беру.
40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. 1 монографияның, 5 оқу құралының және 1 электрондық оқу құралының авторы. Хирш индексі – 2.
Scopus деректер базасында индекстелетін басылымдарда, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған отандық басылымдарда және Қырғыз Республикасының Жоғары аттестаттау комиссиясы ұсынған журналдарда 5 ғылыми жарияланымы бар. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар туралы мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 4 куәлігі бар.
Оқытатын пәндері
- Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары;
- Педагогикалық зерттеулер;
- Бағалау және дамыту;
- Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс істеудің педагогикалық технологиялары;
- HR-менеджмент және ұйымдық даму.
Жоғары педагогика мектебінің аға оқытушысы
Измайлова Жанар Тасбулатовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орны және мамандығы
Қарағанды педагогикалық институты, дефектология факультеті. Мамандығы – дефектолог, қосымша мамандануы – логопед.
Лауазымы
Аға оқытушы.
Жалпы еңбек өтілі
Педагогикалық/кәсіби еңбек өтілі – 35 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік сөйлеуін дамыту».
Ғылыми зерттеу салалары
Логопедия, логомассаж, логоритмика, дефектология және логопедия негіздері, олигофренопедагогика салаларында ғылыми және кәсіби қызығушылықтары бар.
70-тен астам ғылыми жарияланымдардың, авторлық курстар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Оқытатын пәндері
- Логопедия;
- Логомассаж;
- Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқыту жүйесі;
- Тілді оқытудың арнайы әдістемесі.
Аға оқытушы
Мурзатаева Алтынай Канатовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
2002–2006 жылдар – Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қаласы, «Педагогика және психология» мамандығы.
2007–2009 жылдар – Инновациялық Еуразия университеті, «Психология» мамандығы бойынша магистратура.
2018–2021 жылдар – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантура.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 19 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Дуальды оқыту элементтерін интеграциялау негізінде болашақ арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру».
Ғылыми зерттеу салалары
Арнайы педагогика және психология, білім беру қызметін нормативтік-құқықтық реттеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу салаларының маманы.
70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде SCOPUS деректер базасында индекстелетін шетелдік журналдардағы мақалалардың, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Оқытатын пәндері
- Арнайы психология;
- Арнайы педагогика;
- АСБ бар балалармен жұмыс істеудің теориясы мен әдістемесі;
- Психопатология негіздері;
- Дифференциалды диагностика бойынша практикум.
Педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы
Жанкуразова Асем Еркеновна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
2004–2008 жылдар – Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы, «Ағылшын тілін ерте оқыту» мамандануы.
2008–2011 жылдар – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Дефектология» мамандығы, «Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің логопеді» мамандануы.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
2011–2013 жылдар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 6М010500 «Дефектология» мамандығы бойынша магистратура.
2018–2021 жылдар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 6D010500 «Дефектология» мамандығы бойынша докторантура.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 13 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Мүгедектігі бар студенттерді оқытудың арнайы жағдайлары».
Ғылыми зерттеу салалары
Логопедия және инклюзивті білім беру салаларында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік құралдары бар.
Оқытатын пәндері
- Логопедиялық практикум;
- Арнайы педагогика;
- ПМПК жұмысының негіздері;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға отбасына бағдарланған қолдау;
- Тілді оқытудың арнайы әдістемесі;
- Білім берудегі әмбебап дизайн;
- Арнайы білім беру ұйымдарының қызметі.
Оқытушы
Оспантаева Рахима Бахтыбаевна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
2010–2014 жылдар – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, 5В010500 «Дефектология» мамандығы, бакалавр.
2016–2018 жылдар – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 6М010500 «Дефектология» мамандығы бойынша магистратура.
Ғылыми дәрежесі
Педагогика ғылымдарының магистрі.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 8 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 6 жыл.
Конференция материалдарының жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда 70-тен астам ғылыми жарияланымы жарық көрген.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Психикалық дамуы тежелген балалардың ойын әрекеті арқылы сөйлеу тілін дамыту».
Ғылыми зерттеу салалары
Инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық сүйемелдеу; арнайы педагог пен мұғалімнің өзара іс-қимылы.
2 оқу құралының, 1 оқу-әдістемелік құралдың және 2 патенттің авторы.
Оқытатын пәндері
- Логопедия;
- Арнайы педагогика;
- Дифференциалды диагностика бойынша практикум;
- Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған логопедиялық бағдарламаларды жобалау;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ойынға үйрету әдістемесі.
Оқытушы
Скакова Айжан Муратовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- hfdnm@ppu.edu.kz
- Пошта
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
2012–2016 жылдар – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, бакалавриат, «Дефектология» мамандығы.
2023–2025 жылдар – Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, магистратура, «Педагогика және психология» мамандығы.
Ғылыми дәрежесі
Педагогика ғылымдарының магистрі.
Жалпы еңбек өтілі, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 10 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі – 2 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының әртүрлі жас кезеңдерінде бала диагнозын қабылдау ерекшеліктері».
Ғылыми зерттеу салалары
Арнайы педагогика; инклюзивті білім беру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; ерте диагностика және көмек көрсету; ата-аналарды сүйемелдеу және кеңес беру; ата-аналық құзыреттілікті қалыптастыру және диагнозды қабылдау; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды пәнаралық сүйемелдеу; сенсорлық интеграция.
Оқытатын пәндері
- Олигофренопедагогика;
- Логопедия;
- Сөйлеудің дыбыс айту жағы бұзылған кездегі логопедиялық жұмыс;
- Бастауыш мектепте зияткерлік бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы әдістемесі (сауат ашу, оқу және сөйлеуді дамыту);
- Зияткерлік бұзылыстары бар тұлғалармен түзете-дамыту жұмысының технологиялары;
- Логопедия негіздері;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға отбасына бағдарланған қолдау.
Оқытушы
Сабыржанова Зарема Ерболовна
Байланыс деректері
-
- 65-16-32
- Телефон
-
- Мекенжай
-
- 201А
- Кабинет
Толығырақ
Жоғары оқу орнын бітірген оқу орындары және жылдары
Бакалавриат: Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, 6В01900 – «Арнайы педагогика» мамандығы, 2020–2024 жылдар.
Магистратура: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, 6М01900 «Дефектология» мамандығы, 2024–2026 жылдар.
Ғылыми дәрежесі
Педагогика ғылымдарының магистрі.
Жалпы еңбек өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 4 жыл.
Ғылыми диссертациясының тақырыбы
«Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың байланыстырып сөйлеуін интерактивті ойындар арқылы дамыту».
Ғылыми зерттеу салалары
Педагогика саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады, логопедия, арнайы педагогика және инклюзивті білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
1 патенттің иегері. Халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарда, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинақтарында жарияланған ғылыми еңбектердің авторы.
Оқытатын пәндері
- Логопедия;
- Дыбыс айтудың және сөйлеудің қарқын-ырғақтық жағының бұзылыстары кезіндегі логопедиялық жұмыс;
- Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқыту жүйесі;
- Тілді оқытудың арнайы әдістемесі;
- Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған логопедиялық бағдарламаларды жобалау.