«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

Педагогика жоғары мектебі «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасын білім берудің үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:
- бакалавриат;
- магистратура;
- докторантура.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — заманауи психологиялық-педагогикалық білімі, кәсіби және зерттеушілік құзыреттері бар, білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды тиімді жүзеге асыруға, білім беру үдерісін ұйымдастыруға және заманауи білім беру жүйесі жағдайында кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті педагог-психологтарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС), Педагогтің кәсіптік стандартына және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірленіп, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен үйлестірілген.
Бағдарламаның мазмұны білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыруға және кәсіби міндеттерді шешуге білім алушылардың даярлығын қамтамасыз ететін педагогика және психология саласындағы кәсіби және арнайы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы Павлодар өңірінің білім беру ұйымдарымен және әлеуметтік мекемелерімен ынтымақтастықты дамытады. Олардың қатарында мектептер, КММ «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», КММ «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», «САМАЛ» оңалту орталығы, «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК филиалы бар.
Университетте Психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның базасында 2025 жылы Жастардың девиантты мінез-құлқын зерттеу зертханасы ашылды. Орталық пен зертхана базасында білім алушылар психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізеді, психологиялық диагностика, түзету және кеңес беру әдістерін меңгереді, тұлғалық өсу тренингтеріне қатысады және кәсіби міндеттерді шешуге қажетті практикалық дағдыларды игереді.
Білім беру бағдарламасында академиялық ұтқырлықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Білім алушылар жақын және алыс шетел университеттерінде білім алуға, ғылыми тағылымдамадан өтуге және кәсіби практикалардан өтуге мүмкіндік алады. Бұл олардың академиялық және кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, зерттеушілік құзыреттерін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік береді.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының даму перспективалары Павлодар өңірінің білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды кеңейтумен, білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдірумен және заманауи білім беру жүйесінде сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жаңа пәндерді енгізумен байланысты.
Білім беру бағдарламасын іске асыруды білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
Бағдарламада 14 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде:
- 1 психология ғылымдарының докторы;
- 3 педагогика ғылымдарының кандидаты;
- 1 психология ғылымдарының кандидаты;
- 3 PhD докторы;
- 4 аға оқытушы;
- 2 оқытушы.
Оқытушылар жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырып, ғылыми-әдістемелік семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына, өңірлік, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.
Оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда, сондай-ақ халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдар түрінде көрініс табады.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы Білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік (ARQA) тарапынан 5 жыл мерзімге — 2024 жылғы 30 мамырдан 2029 жылғы 29 мамырға дейін аккредиттелген.