Оқытушы-сарапшы
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. Негізгі талаптар
- доктор (PhD), немесе ғылым кандидаты, немесе магистр дәрежесінің болуы.
- Кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық өтілдің болуы.
1.1 2022 жылғы конкурстың ерекше жағдайлары: 2022 күнтізбелік күн ішінде Павлодар педагогикалық университеті ғылыми басылымдарында кемінде бір мақаланың (немесе шолудың) болуы (бір мақала немесе шолуда екі автордан аспауы тиіс).
2. 2. Қосымша талаптар
- PhD немесе ғылым кандидаты үшін кемінде бір магистрді дайындау.
- Соңғы 5 жылда жарияланымдардың болуы: ППУ ғылыми журналдарында кемінде 2 мақала немесе шолулар, SCOPUS немесе Web of Science базасындағы журналдарда кемінде 1 мақала немесе шолулар, ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында кемінде 3 мақала немесе шолулар (патенттер, авторлық куәліктер, сонымен қатар БҒССҚК жарияланымдарына РҒДИ ЖАК теңестіріледі).
3. Ерекшеліктері:
1) 1) ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында соңғы 5 жылда кемінде 3 мақала немесе шолу жарияланымдарының болмауы (патенттер, авторлық куәліктер, ЖАК РҒДИ БҒССҚК жарияланымдарына теңестіріледі) соңғы 5 жылда ҚР БҒМ КОКСОН журналдарында кемінде 2 мақала немесе шолудың (патенттер, авторлық куәліктер, ЖАК РҒДИ БҒССҚК жарияланымдарына теңестіріледі) жарияланымдарының болуымен ауыстырылуы мүмкін;
2) Соңғы кемінде бес жылда SCOPUS немесе Web of Science базасындағы журналдарда 1 мақала немесе шолу жарияланымдарының болмауы кемінде 1 дайындалған магистрдің болуымен НЕМЕСЕ 2004 жылдан бастап ППУ-да 10 жыл өтілінің болуымен алмастырылады;
3) Кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық өтілдің болмауы, соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында кемінде 3 мақала немесе шолулардың (патенттер, авторлық куәліктер, сонымен қатар БҒССҚК жарияланымдарына РҒДИ ЖАК теңестіріледі) және (НЕМЕСЕ) ППУ ғылыми басылымдарында 2 мақала немесе шолу жарияланымдарының болуымен алмастырылады.
Сіз:
- дәріс сабақтарын өз бетінше өткізесіз;
- білім алушылардың өзіндік жұмысын өз бетінше жоспарлау және ұйымдастыру;
- тәлімгердің тікелей басшылығымен кәсіптік білім берудің заманауи тұжырымдамаларын ескере отырып, дәріс материалының мазмұнын анықтау;
- педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп тәртіптерін сақтау;
- білім алушылардың тұлғасына құрметтеу;
- білім алушылармен ара-қатынас кезінде демократиялық мәнерді ұстану;
- гуманистік педагогика идеяларына, жоғары әлеуметтік құндылықтарға пейілділік таныту;
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың бірлігінде іске тарту;
- Қазақстанның ұлттық басымдықтарын есепке ала отырып тәрбие процесін құру;
- экстремизмнің, кемсітудің кез келген түріне қарсы тұру қабілетін таныту;
- білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдесу;
- тәлімгердің басшылығымен оқылатын пәндердің ОӘК әзірлеу;
- тәлімгердің басшылығымен білім беру ұйымының миссиясы мен мақсаттарына сәйкес авторлық курстарды әзірлеу;
- зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді өз бетінше пайдалану;
- зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке өз бетінше енгізу;
- өз бетінше және әріптестерімен өзара әрекеттесе отырып, алынған зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу;
- әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, білім беру практикасын жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
- әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, арнайы салада, оның ішінде алынған нәтижелерді коммерцияландыру мақсатында зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
Мынадай жеке және кәсіби құзыреттіліктерді көрсету:
- кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білімді өз бетінше алуға дайын болу;
-академиялық және кәсіби ортада ғылыми пікірталастарға қатысу, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жариялау қабілеті;
- кәсіби қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік тарту қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік, шешендік шеберлік;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын әзірлеу және қолданудағы белсенділіктің жоғары дәрежесі;
- әр түрлі тілдік құралдарды дәлме-дәл қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@pspu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2022 ж. 14 маусымнан бастап 2022 жылғы 27 маусымға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 17ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)