Әлеуметтік қолдау
- Алғашқы оқу жылында құжаттың ортақ ұпайы бойынша ЖЕҢІЛДІК
- Сессияның қорытындысы бойынша үздік оқуы үшін ЖЕҢІЛДІК
- Бірге тұратын отбасындағы екі немесе одан көп оббасы мүшелерін
- оқытқандарға отбасылық ЖЕҢІЛДІК
- Үздік спортшылар мен дарынды шығармашыл жастарға ЖЕҢІЛДІК
- Әлеуметтік жағынан осал жастарға ЖЕҢІЛДІК
- Алдын-ала оқу ақысын бір жылға толығымен төлеген жағдайда ЖЕҢІЛДІК
- Жатақханаға орналасқан белсенді студенттерге ЖЕҢІЛДІК
- Университет басшылығының немесе грант берушінің шешіміне сәйкес стипендия, жеке грант (ЖЕҢІЛДІК)
Талапкердің басым құқықтары
Білім беру грантын беру кезіндегі конкурста ұпайлары бірдей жағдайда келесі кезекпен беріледі:
- «Алтын белгі» төс белгісімен марапатталған тұлғалар;
- көрсетілген ұлтжандылығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған тұлғалар;
- техникалық немесе кәсіби, жалпы орта білім беру мекемелерінен кейінгі білімдері туралы құжаттары бар және мамандығы бойынша жұмыс өтілімі бір жылдан кем емес тұлғалар;
- білім саласында соңғы үш жыл ішінде уәкілетті органдардың тізімі бойынша жалпы орта білім пәндерінен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарының (ғылыми сайыстар) жеңімпаздары (I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталған), халықаралық және республикалық орындаушылардың конкурстары мен спорттық сайыстарда (I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталған), ағымды оқу жылында жалпы орта білім пәндерінен президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында (бірінші, екінші, үшінші дәрежедегі дипломдармен марапатталған), егер таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық сайыстың пәндеріне сәйкес болған жағдайда;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және кәмелеттік жасқа толуына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған жастар, Қазақстан Республикасының азаматтары; бірінші және екінші топтағы мүгедектер; жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне теңестірілген тұлғалар; медициналық қорытынды бойынша қолайлы мекемелерде білім алуға қарсы емес бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар және білімі туралы (куәлік, аттестат, диплом) үздік құжаты бар тұлғалар.
ОВПО-ға түсу кезіндегі қабылдау квоталары
Төменде берілген адамдар санатындағы білім грантын алу үшін конкурсқа қатысушыларға бекітілген мемлекеттік тапсырыс көлемінде ЖОО қабылдау квоталарының келесі мөлшерлемесі орнатылды:
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар санындағы азаматтар – 1 пайыз;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушысы мен мүгедегіне теңестірілген тұлғалар – 0,5 пайыз;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтауға арналған білім беру бағдарлама топтарындағы ауыл жастары – 30 пайыз;
- Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын, ұлты қазақ азаматтарға – 4 пайыз;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа толуына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған жастар, Қазақстан Республикасының азаматтары – 1 пайыз.
Ауыл квотасынан басқа барлық білім беру бағдарлама топтарына көрсетілген қабылдау квоталары оқуға түсушілерге таралады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аймақтарға көшкен ауыл жастары – 10 пайыз.
Берілген квотаның аясында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында ауыл елді мекенінде білім беру мекемесін бітірген тұлғалар конкурсқа қатыса алады.
Жеңілдік пен кепілдіктері арқылы соғыс қатысушысына теңестірілетін тұлғалар болып саналады:
- әскери адамдар, партизандар, астыртын әрекет етушілер, қаза тапқан (із-түзсіз жоғалып кеткендер) немесе бұрыңғы Кеңес Үкіметін қорғау кезінде жарақат, контузия алған, әскери қызметтік міндетін атқару барысында (қызметтік міндеттер) немесе фронттың алдыңғы қатарында ауру болған тұлғалардың отбасы;
- Ұлы Отан соғысында жергілікті әуе қорғанысындағы жедел топ және нысандық өзін-өзі қорғау жеке топтар құрамындағы тұлғалар отбасы, Ленинград қаласындағы госпиталь мен ауруханаларда қаза тапқан қызметкерлердің отбасы;
- бұрыңғы Кеңес Үкіметінің мемлекттік қорғау мен ішкі істер, Қорғаныс Министрлігінің әскери қызметке міндеттілер міндетін атқаруға шақырылғандардың; әскери қызметкерлер, басшы және қатардағы сарбаздар төтенше жағдайларда қоғамға қарсы көріністер орын алғанда қоғамдық тәртіпті сақтау барысында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасы;
- Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттердің ұрыс алаңында қаза тапқан, із-түсзіз жоғалған немесе жарақат, контузия алған, ауруға шалдыққан әскери қызметкерлердің отбасы;
- Бейбіт уақытында әскери қызметін орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасы;
- Чернобыль АЭС-да және радиациялық немесе азаматтық, әскери қолданыстағы нысандардағы апаттың салдарын жою барысында қаза тапқандардың отбасы;
- Чернобыль АЭС-ның және радиациялық немесе азаматтық, әскери қолданыстағы нысандарда, ядролық сынақ апаттарының салдарынан радиациялық ауруға шалдыққандар немесе қайтыс болған мүгедектер, уақыт өте ажал құшқан отбасылар.
Жоғарыда айтылған санаттағы азаматтар конкурсқа өтініш беру кезінде жеңілдіктерін растайтын құжаттарды ұсынады:
Оқуға түсуші жеңілдіктерін растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда, арнайы көрсетілген секторды толтырады:
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар мүгедектіктері туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады;
- Жеңілдіктері мен кепілдіктері Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген тұлғалар:
- белгіленген үлгідегі куәлік немесе жеңілдікке құқығы бар белгісімен зейнеткерлік куәлік;
- белгіленген үлгідегі куәлік; әскери комиссариаттан басқа мемлекеттің аумағында ұрысқа қатысқаны жөнінде растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттің аумағында ұрысқа қатысқаны туралы белгісі бар әскери билет; Ауғанстан жерінде кеңес әскери контингентін қамтамасыздандыру бойынша жұмыс атқарғаны жөнінде растайтын құжат; алған жараққатары мен контузиясын растайтын медициналық құжат; ұрыстарда қатысқаны туралы бұрыңғы Кеңес Үкіметінің ордендері мен медальдерінің куәліктері;
- Чернобыль АЭС-да апаттың салдарын жою қатысушысының куәлігі, басқа радиациялық және азаматтық немесе әскери қолданыстағы нысандардағы апаттардың салдарын жою, ядролық сынақтарды өткізу барысында қатысу туралы құжат немесе Төтенше жағдай Министрлігінен, әскери комиссариаттан анықтама;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар:
- әскери қызметкерлерге мүгедектік куәлігі (жеңілдіктерге құқылы деген Кеңес Әскерінің мүгедегі); жараққатары, контузиясы, жарымжандығы, мүгедектігі туралы анықтама; ұрыс алаңында қатысқанын растайтын әскери комиссариаттан анықтама немесе жеңілдіктерге құқылы деген белгісі бар куәлік;
- белгіленген үлгідегі куәлік; жарақаты, контузиясы, жарымжандығы, мүгедектігі туралы анықтама; ішкі істер органынан, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінен анықтама немесе жеңілдіктерге құқылы деген белгісімен зейнеткерлік куәлік;
- белгілі үлгідегі куәлік; жарақаты, контузиясы, жарымжандығы, мүгедектігі туралы анықтама; ұрыс алаңында қатысқаны жөнінде әскери комиссариаттан анықтама немесе жеңілдіктерге құқылы деген белгісі бар зейнеткерлік куәлік;
- белгілі үлгідегі куәлік; жарақаты, контузиясы, жарымжандығы, мүгедектігі туралы анықтама; басқа елдерде белсенді әскери контингентті қамтамасыздандыру салдарынан мүгедектігінің пайда болуы мен соған сәйкес санатын растайтын құжат немесе жеңілдіктерге құқылы деген белгісімен зейнеткерлік куәлік;
- белгілі үлгідегі куәлік; халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық орындау органдарының аумақтық бөлінісінен Чернобыль АЭС-да және азаматтық немесе әскери қолданыстағы нысандарда радиациялық жарылыс, ядролық қаруды сынақтан өткізу барысында апаттардың салдарын жою кезінде алған мүгедектігі туралы анықтама немесе Орталық ведомствоаралық кеңестің радиациялық әсерге байланысты алған аурулардың себептерін анықтау жөнінде қорытынды;
- ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар жастар ішінен кәмелеттік жасқа толуына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған Қазақстан Республикасының азаматтары келесі құжаттардың бірін ұсынуы керек:
- екі ата-анасының немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы жөнінде анықтаманың көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығы жөнінде басқадай құжат (ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқығынан шектеу, із-түсзіз жоғалуын мойындау, қайтыс болуын жариялау, әрекетке қабілетсіздігін (әрекетке қабілетсіздігінен шектелуін) мойындау;
- патронаттық қамқорлыққа беру туралы келісімшарттың көшірмесі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама;
- Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар;
- шетел елдің азаматы ұлты «қазақ» екендігін растайтын құжатты ұсыну.